09:31, 14 Наурыз 2014 | GMT +5
Атырауда өзендегі мұз астына түсіп кеткен екі адам құтқарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда сағат 16.30-дар шамасында Орал өзенін кесіп өтпек болған азамат М.Акаев мұз астына түсіп кеткен. Оқиға орнына жеткен Атырау облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің күшімен ол апаттан құтқарылды.
Сондай-ақ сағат 17.20-да Орал өзенінің облыстық перзентхана маңындағы тұсын кесіп өтуде өзенге түсіп кеткен 1964 жылы туған азамат Б.Мұсағалиев та облыстық судан құтқару қызметінің көмегімен мұз астынан шығарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.