Атырауда өзге өңірлерден келген жеңіл жүрісті 25 бойжеткен есепке алынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда өзге өңірлерден келген жеңіл жүрісті 25 бойжеткен есепке алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жеңіл жүріске салынған қыздар «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған. «Атырау қаласына еліміздің өзге өңірлерінен келіп, жезөкшелікпен айналысқан 25 бойжеткен азаматша жезөкшелікпен есепке койылды. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 449-бабымен 34, аталған құжаттың 450-бабымен 2 адамға әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 134, 308, 309-баптарымен қозғалған 3 қылмыстық іс тергеліп жатыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Іс-шара кезінде 21 жастағы бойжеткеннің ғаламтор желісінде хабарландыру беріп, жезөкшелікпен, боди массаж қызметін көрсетумен айналысқаны анықталған. Ол қызметінің жүзеге асуына көмектескен 29 жастағы әйелге ақысының 50% үлесін қолма-қол және банк аударымы арқылы беріп отырған.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 308-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауға өзге қалалардан келген жеңіл жүрісті қыздар ұсталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар