Атырауда Пәкістан азаматы соққыға жығылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Пәкістан азаматын соққыға жыққан екі азаматқа іздеу жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атырауда Пәкістан азаматы соққыға жығылды

«25 наурыз күні 1965 жылғы Мұхаммад Мұса Абдул Уахаб есімді Пәкістан азаматы полицияға шағым түсірген. Мейрамхана әжетханасында белгісіз екі ер азамат соққыға жығып, денесін жарақаттаған.  Факт тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Олардың кім екендігі анықталды, қазір іздестіру шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.

Бұл оқиға жайлы Атырау қаласында шетелдіктер жиі келетін Blackberry мейрамханасындағы орын алған келеңсіз жағдай бейнеленген таспа әлеуметтік желіге тарап кеткеннен соң белгілі болған.