Атырауда полицейден қашқан жүргізуші көліктен түсіп, Жайыққа секірген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда полицейден қашқан мас жүргізуші көліктен түсіп, Жайыққа секіріп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 наурызда сағат 17:30 шамасында болған.

«Полиция қызметкерлері Атырау қаласындағы Владимирский-Ғұмаров көшелерінің қиылысында күдік тудырған «Лада Приора» автокөлігін тоқтатпақ болған. Алайда, рульде отырған жүргізуші полицейлердің талабына бағынбай, қаша жөнелген. Кейін көлігінен түсіп, көпірге дейін жаяу қашқан. Жайық өзенінің тұсына келгенде суға секірген. Патрульдік полиция қызметінің инспекторлары, аға лейтенант Жексенбек Нұрымов пен полиция лейтенанты Данабек Сақауов құқық бұзушыны ұстады.

Тексеру кезінде 33 жастағы ер адам жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Соған қарамастан мас күйде көлік жүргізген», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігі, 595-бабының 1-бөлігі, 601-бабының 1-бөлігі, 613-бабының 3-бөлігінің 1) тармағы, 612-бабының 1-бөлігі және 590-бабының 7-бөлігімен хаттама толтырылған. Іс-құжаттары сотқа жолданды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда мас күйде рульге отырған шетелдік 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар