Атырауда полицейлер 7 тонна балық «ұстады»

АТЫРАУ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін атыраулық полицейлер облыстан тыс жерге 7 тонна балықты заңсыз әкетудің алдын алды.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың хабарлауынша, балықтарды Атырау-Орал трассасы бойынша үлкен жүк көлігімен әкетпекші болған. Рөлінде Қызылорда облысының тұрғыны отырған мәшинені полицейлер тексеру үшін тоқтатқан кезінде онда 7 тонна балық - судак, сазан, ақмарқа болған. Жүргізушінің тиісті құжаттары жоқ болып шықты.

Қазір балықтардың қайдан алынғанын анықтау үшін шұғыл-тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар