Атырауда полиция командирі қоластындағыларды қорқытып, ақша алып отырған - агенттік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырауда патруль полициясының рота командирі қарамағындағы қызметкерлерді қорқытып, олардан ақша алып отырған. Оған қатысты тергеудің жүріп жатқанын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда полиция командирі қоластындағыларды қорқытып, ақша алып отырған - агенттік

«Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлықтың жолын кесті. Нақтырақ айтқанда, Атырау облысы полиция департаменті патруль полициясының рота командирі қарамағындағы қызметкерлерді қорқытып, қызмет бойынша қамқорлығы үшін 5 000-нан 70 000 теңгеге дейінгі мөлшерде жүйелі негізде пара алу фактісі (10-нан аса факт) бойынша қылмыстық істі тергеуде», - деді Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында.

Сот оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдаған.