08:25, 10 Қаңтар 2015 | GMT +5
Атырауда полиция қызметкері Жайыққа секірмек болған адамды аман алып қалды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда полиция қызметкерлері Жайық өзеніне секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
«Жұма күні түстен кейін ішімдік ішкен жас адам көпірден Жайық өзеніне секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған. Соңғы сәтте полиция үлгеріп, оны ұстап қалды. Ол қазір наркологиялық диспансерде тексеруден өтіп жатыр», делінген хабарламада.