Атырауда прокуратура қызметкері алаяқтығы үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды
АТЫРАУ.ҚазАқпарат - Атырау қаласында №2 қалалық соты прокуратураның бұрынғы қызметкері Азамат Қақамановты алаяқтық жасағаны үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Сотталушы қалалық прокуратурада жұмыс істей отырып, өткен жылдың күзінде адам өліміне әкелген немқұрайдылық үшін жаза қолданылуы тиіс болған азаматтан 2 млн теңге талап еткен. Бас бостандығынан айыруға қатысты жаза тағайындалмайтындығына уәде берген оның сотталушының ісіне араласуына құқығы болмаған. Сотта қалалық прокуратураның бұрынғы қызметкері ҚР ҚК 190 бабының екі тармағы бойынша («Мемлекеттік қызметті атқару өкілеттілігімен ірі көлемде алаяқтық жасау») айыпталды. Сот істі жан-жақты қарап, Қақамановқа 4,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын берді», - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.