Атырауда психотропты дәрі-дәрмек сатқан ерлі-зайыпты ұсталды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда психотропты дәрі-дәрмек сатқан ерлі-зайыпты ұсталды. Күдіктілерден 300-ге жуық трамадол мен тропикамид тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, психотропты дәрі-дәрмек сатқан ерлі-зайыпты бүгін, 10 қазанда ұсталған.

«Бүгін сағат 16:00 шамасында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен №1 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2022», «Рефлекс-2022» жедел-профилактикалық шарасын жүргізді. Оның кезінде пәтерде әсері қатты дәрі-дәрмек сатумен айналысқан 1982 жылғы әйел адам мен 1987 жылғы ер адамды анықтап, ұстады. Ерлі-зайыптының пәтерінен қатаң түрде дәрігер белгілеген рецептімен ғана берілетін 171 трамадол, 97 тропикамид дәрі-дәрмегі тәркіленді. Күдікті әйел адам бұрын да дәл осындай құқықбұзушылық әрекеті үшін жауапкершілікке тартылған. Қазір күдіктілерге қатысты іс-құжаттар жинақталып жатыр», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, атыраулық полицейлер жыл басынан бері заңсыз психотропты дәрі сатумен айналысқан 20 күдікті анықталған.

Полицейлер осыған байланысты облыс тұрғындарынан заңсыз психотропты дәрі сатқан адамдар туралы 102 операторына хабарлауды сұрап отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында қараусыз малдың кесірінен 76 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін хабарлаған болатынбыз.




Фото: t.me/POLICE_of_KZ




Соңғы жаңалықтар