02:20, 02 Ақпан 2017 | GMT +5
Атырауда рақымшылыққа іліккен сотталушылар бостандыққа шықты
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда УГ 157/9 мекемесінен рақымшылыққа іліккен алғашқы үш сотталушы бостандыққа шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бостандыққа шыққандар ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа іліккендер. Олардың екеуі ұрлық үшін сотталған облысымыздың тұрғындары, үшіншісі - көрші Батыс Қазақстан облысының тұрғындары, жазаларын алаяқтық үшін өтеп жатты. Олар жазаларының негізгі мерзімін өтеген болатын. Атырау қаласының №2 сотына сотталушыларға рақымшылық актісін қолдану бойынша қарауға барлығы 53 істі жолдадық», - деп хабарлады УГ 157/9 мекемесінің бастығы Бақытжан Еліпов.