Атырауда сарапшылар Қазақстанның одан әрі дамуына алдағы сайлаудың рөлін талқылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің жанындағы қазақстандық стратегиялық зерттеу институты жаңа ұсыныстар жинап, талдау үшін өңірлерде сараптамалық талқылаулар сериясын жалғастыруда. Олардың мақсаты - өңірлердің дамуы барысындағы түрлі өзекті мәселлерді қарау. Осындай кезекті «Ұлт жоспары: ел дамуының стратегиялық бағдары» атты форумы Атырауда өтті, оған Алматыдан, Астандан белгілі сарапшылар, жергілікті мамандар қатысты. Басты тақырып президенттік реформаларды іс жүзінде іске асырудың жаңа кезеңінің мәселелері болды.

«Алдағы парламенттік сайлау өте маңызды және елдің әлеуметтік-экономикалық жаңғырту үрдістеріне қарқын береді. Біз өңірлерде реформаларды іс жүзінде жүзеге асырудың жаңа кезеңі қалай басталып жатқанын көріп отырмыз. Нақты тетік құрылуда. Заңдар қабылдануда. Ең маңыздысы, мұның барлығы жұртшылықпен, азаматтық қоғаммен бірге болғаны», - деп санайды соясаттанушы Ерік Әбдіғалыұлы.

Талқылау барысында сарапшылар азаматтық қоғамның сайлау науқанына белсене қатысып жатқанын атап өтті. Талдаушылардың пікірінше, бұл өзекті мәселелерді шешуде азаматтардың қатысуын одан әрі кеңейту үшін негізгі іргетас болып табылады.

«Өңірде сайлау науқаны қызу жүріп жатыр. Атырауда азаматтар арасында сайлауалды үрдіс белсенді жүруде. Олар партиялықтармен кездесуде: Президент реформаларын іске асыруда қандай жұмыс жасайтындығы туралы басты сұрақтарға жауап алуда», - деді Sayasat.оrg интернет-басылымының шеф-редакторы Бауыржан Төлегенов.

Соңғы жаңалықтар