Атырауда сауна өртенді
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Лесхоз ықшамауданында орналасқан саунада шыққан.
«Департаменттің диспетчерлік пультіне күнгізгі сағат 10:00-де саунаның өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Өртті сөндіруге арнайы қызметтің 11 қызметкері жұмылдырылды. Оған 3 арнайы техника тартылды. Жалын жалпы ауданы 9 шаршы метр болатын бу бөлмесінде басталған. Құтқарушылардың жедел іс-әрекетінің нәтижесінде қызыл жалын жапсарлас тұрған жалпы ауданы 1 400 шаршы метрлік техникалық қызмет көрсету бекетін шарпыған жоқ», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында «КамАЗ» шөп тиелген екі тіркемесімен бірге өртенгенін хабарладық.