Атырауда сайлауды бақылау бойынша қоғамдық комиссия филиалы жұмысына кірісті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «ҚР-дағы сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссия» РҚБ филиалы жұмысқа кірісті.
None
None

«Облыста барлығы 26 сәуірде 232 сайлау учаскесі ашылады, оның 90-ы - Атырау қаласында. Электоралды науқан кезінде қоғамдық комиссия мүшелері ҚР Президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтарының, сайлау комиссияларының еліміздің сайлау заңнамасын сақтауын, БАҚ-тың науқан жөнінде шынайы ақпаратты таратуын қадағалайды. Сайлауалды үрдісте кандидаттарға тең жағдайлар жасалуын қамтамасыз етеді. Комиссия мүшелері сайлау өтетін күні сайлау учаскелеріне қоғамдық бірлестік атынан қатысатын адамдарды дайындау үшін бірқатар семинар мен тренингтер өткізеді», - деп мәлім етті брифингте «ҚР-дағы сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссия» РҚБ Атыраудағы филиалының төрайымы Шынаргүл Қайырова.

Соңғы жаңалықтар