Атырауда шетелдік азаматтарға 17 млн теңге айыппұл салынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Көші-қон заңнамасын бұзғандығы үшін Атырау облысындағы шетел азаматтарына 17,6 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атырауда шетелдік азаматтарға 17 млн теңге айыппұл салынды

«Жыл басынан бері 3185 шетел азаматы еліміздің көші-қон заңнамасын бұзды. Заң бұзушыларға қатысты  айыппұл 17,6 млн теңгені құрайды. Сот шешімімен миграциялық заңнама тәртібін бұзған 522 шетел азаматы Қазақстаннан шығарылды», - деп хабарлады Атырау облысы ІІД көші-қон полиция басқармасының басшысы Болат Досқалиев.