10:29, 07 Қараша 2013 | GMT +5
Атырауда шетелдің 5 азаматы иіс тиіп көз жұмды, оның біреуі - 1 жасар бала
АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Атырау қаласында табиғи газбен жылытатын пештен ақау шығып, иіс тиген Өзбекстан Республикасының 5 азаматы (32 жастағы әйел, 23 жастағы жігіт, 22 жастағы екі қыз бен бір жасар бала) оқиға орнында көз жұмды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.