Атырауда шөлейтті алқаптарға 137 мың ағаштар мен бұталар егіледі

Қашаған кенішін игерудің алғашқы кезеңі ауқымында 137 мың ағаштар мен бұталар егу жоспарлануда.
Орманды алқап жасау таныстырылымында «НКОК» компаниясының сыртқы байланыстар директоры Пьер Дельпон: «Бұл шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында өткізілуінің зор маңызы бар», деп атап өтті. Орманды алқапты топырағы тұзды маусымдық температурасы құбылып, күшті жел тұратын шөлейтті аймақта жүзеге асырылмақ. Жобаны орындауға сарапшылар мен халықаралық ғылыми-зерттеу институттары тартылып, барлық жұмыстарды жергілікті мердігерлер ғана атқарады. Ғылыми жұмыстарды жүргізуге Қазақстанның ауыл шаруашылығы институты мен Болонья, Флоренция және Неаполь университеттерінің ауыл шаруашылығы факультеттері араласады. Ағаш отырғызу жұмыстарына жергілікті мердігерлік компаниялардың 120 қызметкерлері қатыады.
Жобада 300 000 ағаш отырғызылатын тәлімбақ жасау көзделген.