Атырауда швейцариялық бизнес мектебі жұмыс істей бастады
«Еуразия» бизнес мектебі швейцариялық Бизнес мектебінің Қазақстандағы ресми әріптесі. Оның міндеті - келешек бизнес көшбасшыларын дайындау. SBS - әлемнің қаржылық астанасы - Цюрих қаласында орналасқан Еуропадағы жетекші мектеп, «Financial Times» рейтингі бойынша әлемдегі үздік бизнес-мектептердің қатарына кіреді. Мектеп «Халықаралық менеджмент», «Халықаралық қаржы және банктер» мамандығымен DBA бағдарламаларының негізінде сабақтар өткізеді. Басты артықшылығы - шекара аспай-ақ, диплом алуға болатындығында. Бұл іскер адамдардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Оқыту қашықтан емес, күндізгі», - деді Атырау Мұнай және газ институының ректоры Әли Әбішев.
Бағдарламаның «швейцариялық» бөлігі бойынша оқытуды швейцариялық бизнес-мектептің профессорлары, ірі халықаралық компаниялардың басшылары жүргізеді. Практикалық сабақтар білім, бизнес пен менеджменттің заманауи теориясы, қаржы, маркетинг, кәсіпкерлік сияқты бизнестің түрлі салаларында өтеді, тыңдаушылар халықаралық тәжірибені зерделейді. «Жобаға кез келген тілек білдіруші қатысушы бола алады. MBA және DBA дипломдарының халықаралық дәрежеде мойындалған», - деп атап өтті Ә.Әбішев. Бұл институтта іске асырылып жатқан алғашқы жоба емес, биыл Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті, Ресейдің И.М.Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ университеті, М.В Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Глазго (Шотландия) қаласы университеті, екі қытайлық ЖОО-мен ынтымақтастық туралы шарттар жасалды. Атырау мұнай және газ институты ҮИИД МБ бойынша ЖОО ондығына кірді, Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін базалық институт ретінде айқындалды.