Атырауда сот 18 табиғат пайдаланушының қызметін тоқтатты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда сот шешімімен экологиялық заңнаманы бұзған 18 табиғат пайдаланушының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы облыстық әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссия отырыстарында мәлімделді.
None
None

Өңірдің экология департаментінің басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Асфандияр Нәсіловтің айтуынша, 2013 жылы барлығы 314 табиғат пайдаланушы тексерілген. Тексеру нәтижесі бойынша 503 экологиялық заңнаманы бұзушылық анықталды. 546 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 1 млрд. 301 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынды, 18 табиғат пайдаланушы компанияның қызметі сот шешімімен тоқтатылды.

"Ауылдық округтердің әкімдері табиғат пайдаланушылардың жер-жерлерде жасаған барлық бұзушылықтарын уақтылы хабарлағанын, ал экологтар оған уақтылы ден қойғанын атап өту қажет", - деді облыс әкімінің орынбасары, үш жақты комиссияның төрағасы Шыңғыс Мұқан.

Соңғы жаңалықтар