20:02, 14 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Атырауда сот көпірдің құлап, оны салдарынан 8 адамның қайтыс болған оқиғаға кінәлілерді атады
АТЫРАУ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда сот «Трансқұрылыскөпір» АҚ лауазымды тұлғаларына Жайық өзені арқылы көпір құрылысы кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін өрескел бұзуға айыптылардың аттарын атады. 2009 жылғы қыркүйекте көпірдің 60 метрлік бөлігінің құлап кетуі салдарынан 8 адам қаза тапқан еді.

Облыстық прокуратурада хабарлағандай, айыптау шешімі 5 адамға қатысты шығарылды. 4 жылдан 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасына «Трансқұрылыскөпір» АҚ бас инженері Мұхит Бекмағамбетов, кәсіпорынның атқарушы директоры Жәнібек Бекмағамбетов, жұмыстарды жүргізуші Олег Зайцев, қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер Ольга Самарина мен механик Сергей Супрун кесілді.
Олег Зайцев жазасын колония-қоныста өтейтін болды, ал өзгелерге қатысты жаза үкімнің 3 жылға шегерілуімен нақтыланды.