Атырауда сот жүйесінің мұражайы ашылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облыстық сотында сот жүйесінің мұражайы ашылды.
None
None

«Біз мұражайымызда билер заманынан осы кезге дейінгі Қазақстанның сот жүйесінің тарихын қамтуға тырыстық. Экспозициядан Әбілқайыр ханның Ресей патшайымы Анн Иоанновнаға жазған хатын көруге болады. Ол 1731 жылы жазылған. Мұрағаттарда сақталған әр жылдардағы сот жарлықтарына, неғұрлым қызықты қылмыстық істер материалдарына орын берілді. Соттардың төсбелгілері, киімдері, көптеген фотосуреттер қойылған, олардың барлығы да Атырау облысы сот жүйесінің тарихынан мағлұмат береді», - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.

Мұражайға кіру тегін.

Соңғы жаңалықтар