Атырауда сотта жалған мәлімдеме жасаған әйел сотталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда сот алғаш рет ҚР ҚК 352 бабында қарастырылған жалған мәлімдеме жасау бойынша үкім шығарды.
None
None

«Қалалық №2 сот күйеуі ұрлаған, үйінен табылған ұялы телефонды «көшеден тауып алдым» деп жалған мәлімдеме жасаған әйелді жарты жылға соттады. Тергеу амалдары нәтижесінде ұялы телефон ұрланғаны дәлелденді. Сондықтан азаматшаның жалған мәлімдеме жасағаны әшкере болды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Бұл әйелдің күйеуі де сотталды.

Соңғы жаңалықтар