Атырауда сотталған азамат қала ішінде еркін қыдырып жүрген

None
None
АТЫРАУ. 5 шілде. ҚазАқпарат - Атырауда жол полиция қызметкерлері ұйымдастырған рейд барысында қалада көлікпен қыдырып жүрген жалпы режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азамат ұсталды.

ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова мәлім еткендей, көліктің ішінде сотталушыдан басқа ешкім болмаған.

 «Арнайы мекеме көлігінің техкуәлігінен басқа, ол түзеу мекемесінен таңертеңнен кешке дейін жүруге рұқсат беретін қағазды көрсетті. Сотталушының сөзіне қарағанда, ол түзеу мекемесінің басшыларының бірін демалуға апарған», - деді Г. Мұхтарова. 

 Сотталушы ұсталған жерге ІІД жеке қауіпсіздік басқармасының жедел уәкілі Артур Иманов шақырылды. Ол өз алдына сотталушының бостандықта жүру фактісі бойынша тексеру ұйымдастыратынына уәде берді.

Соңғы жаңалықтар
telegram