Атырауда спорт саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды

АТЫРАУ. 3 қазан. ҚазАқпарат - Атырауда Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік (қаржы полициясы) департаменті «Атырау» баскетбол командасындағы ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуге кірісті.
None
None

Қаржы полициясында хабарланғандай, «Облыстық «Атырау» баскетбол командасы» КМҚК директорына және басқа тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 176-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Бұл адамдар алдын ала келісу бойынша мемлекеттік қызметтерді атқаратын тұрғаларға теңестіріліп, жалған құжаттарды құрастыру жолымен 2008 жылға арналған іссапар шығындарын шартты түрде иеленіп, бөтен адамның сеніп тапсырылған мүлкін ұрлаған. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 18,5 млн. теңгені құрады», - деп ақпараттандырды қаржы полициясында.

Соңғы жаңалықтар