08:10, 08 Қараша 2013 | GMT +5
Атырауда ТШК жаңғырту бағдарламасы бойынша жұмыс істеген 5 компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды
АТЫРАУ. 8 қараша. ҚазАқпарат - Атырауда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін 4 компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Тергеуге іліккен компаниялардың тізімінде «ЕвроАзияҚұрылыс», «ӨмірСерікҚұрылыс», «Каспий Лифт», «Верцхли» ЖШС-тері бар. Осы ЖШС-терге қатысты көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарынан түскен шағымдарда есеп жоқ. Олар бұл үйлерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша терможаңғырту жүргізген болатын. Тұрғындардың айтуынша, үйлердің әрқайсысына бөлінген 30-35 млн. теңге толығымен жұмсалмаған немесе тиімсіз пайдаланылған. Қылмыстық істерді тергеумен арнайы прокурорлар айналысуда.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша терможаңғырту 2011-2012 жылдары 45 көппәтерлі үйде жүргізілген. Ол үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. 200 млн. теңге бөлінген.