Атырауда тұрғылықты мекен-жайы жоқ 50-ге жуық адам арнайы орталыққа жеткізілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда тұрғылықты мекен-жайы жоқ 50-ге жуық адам арнайыорталыққа жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, учаскелік

полиция инспекторлары қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар паналайтын орындарды тексеруді қолға алған.

«Ауа-райы күрт суытатын қысқы мезгілде тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдар жылу

трассалары мен жертөлелерді, қараусыз қалған саяжай үйлері секілді орындарды паналайды. Рейд жүргізген сақшылардың міндеті – үй-күйсіз жүрген адамдардың суықта үсіп қалуын болдырмау. Осындай рейдтік іс-шараның бірінде учаскелік полиция қызметкерлері тұрғылықты мекен-жайы жоқ 6 адамды анықтап, Атырау қалалық полиция басқармасының қабылдау-тарату орталығына орналастырды. Ал, жыл басынан бері қабылдап-тарату орнына тұрғылықты мекен-жайы жоқ 50-ге жуық адам жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда түн ортасында балконда тұрған 4 жасар құтқарылғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар