14:53, 10 Ақпан 2011 | GMT +5
Атырауда тұрғын үй салуға арналған учаскелерді беру уақытша тоқтатылды
АТЫРАУ. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда жаңа жылдан бері жеке тұрғын үй салуға арналған жер учаскелерін беру уақытша тоқтатылды.
Бұндай шешімнің себебін түсіндіре келген облыс әкімі Бергей Рысқалиев бұл қала дамуының бас жоспары жоқ әрі коммуникациясы жүргізілген жерлердің шектеулі болғандығынан қолға алынып отырған шара деп мәлім етті.
«Бұрын бөлінген учаскелерге негізгі инженерлік желілер қосуға қаржы бөлінген соң және олардың барлығы салынып біткен соң жер телімдерін бөлу жалғасатын болады», - деді Б.Рысқалиев.