02:09, 05 Маусым 2014 | GMT +5
Атырауда ҰБТ кезінде 3 мыңға жуық телефон тартып алынды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда сәрсенбі күні Ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші күні өтті. Оған 3868 адам қатысуы тиіс еді. Бұл күні де бірінші күнгідей түлектерден жүздеген ұялы телефондар тартып алынды. Сонымен, екі күннің қорытындысы бойынша, 3 мыңға жуық телефон жиналды.
«ҰБТ-ға қатысуға келген әрбір бала аудиторияға бір емес бірнеше телефон алып кірмек болды. Балалардың белгіленген тәртіпті, заңды аттап басуға қорықпайтыны өкінішті-ақ. Демек біз олардың санасына тәртіпті бұзуға болмайтынын жеткізе алмадық», - деді бұл жағдайдаға түсініктеме берген қабылдау комиссиясының төрағасы Бейбіт Мамыраев.