Атырауда ҰҚК ғимаратының жанындағы үйлердің тұрғындарын сақ болуға шақырды

ЫРАУ. 21 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Қыркүйек айында экстремистік ұйымның 40 мүшесі қолға түсіп, 31 қазанда 2 жарылыс болған Атырауда, барлық құқық қорғау органдары қызметтерін күшейтті.
None
None

Қолға түскен экстремистердің мойындауы бойынша ең бірінші шабуыл жасалады деп күтілетін күш құрылымының кеңселері аса бақылауда отыр.

Сәтбаев даңғылы бойындағы ҰҚК ғимаратына қарама-қарсы орналасқан көппәтерлі үйлердің тұрғындары ҚазАқпараттың тілшісіне мәлімдегендей, құқық қорғау құрылымының өкілдері барлық үйлерді аралап шықты.

Тұрғындарға таратылған телефондар нөмірлері арқылы күдік тудырған жайттар туралы хабарлап, қырағылық таныту туралы өтініш жасалды.

Соңғы жаңалықтар