Атырауда үлкендер мен балаларды тонап келген жеті жасөспірім қолға түсті

АТЫРАУ. 19 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда полиция қызметкерлері бірнеше күн бойы қарапайым адамды тонап келген бір топ жасөспірімдерді қолға түсірді.
None
None

Жасөспірімдер пышақпен қорқыту арқылы өздерінің қатарластарынан ұялы телефон мен ақша ғана емес, киімдерін де тартып алып отырған. Олар жалғыз кетіп бара жатқан адамдарға да күш көрсеткен. Тіпті 19 жастағы жігітке жабылып, ұялы телефонын, ал 26 жастағы ер азаматтың сөмкесін тартып алған.

«Ұрлықшылар Тасқала мен Дамба ауылдарынан Атырауға арнайы ұрлық жасау үшін келген 15-26 жастағы жасөспірімдер болып шықты. Полиция қызметкерлерлері оларды кезекті ұрлық жасап жатқан жерлерінен қолға түсірді. Қазір барлығы уақытша қамау орнына жабылды. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалады», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.

Соңғы жаңалықтар