Атырауда Ұлы Отан соғысының ардагерлері ПИК қызметінің төлемдерінен босатылды

АТЫРАУ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда Пәтер иелері кооперативтері төрағаларының кеңесі Ұлы Отан соғысы ардагерлерін пайдаланған қызметтің шығынын төлеуден босату туралы шешім қабылдады.
None
None

Қазіргі таңда қалада 145 соғыс ардагері тұрады. Коммуналдық шығындарды төлеу үшін олар облыстық бюджеттен жәрдемақы алады. Бірақ бұл жәрдемақы ардагерлердің барлық шығынын өтей алмайды. Сондықтан да Ардагерлер кеңесі ПИК-ден көмек беруді сұраған. Шілденің 1-інен бастап ПИК жинайтын қызмет төлемдерін ардагерлер төлемейтін болды.

Соңғы жаңалықтар