Атырауда ұрланған көлік 15 минутта иесіне қайтарылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпара – Атырауда полицейлер ұрланған көлікті 15 минутта тауып, иесіне қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 31 қазанда сағат 20:30 шамасында Орал қаласының тұрғыны көлігімді ұрлап кетті деп шағымданған.

«Ол Атырау қаласындағы Вокзал маңы шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйдің бірінің ауласынан BWM маркалы автокөлігінің жоғалғанын хабарлаған. Патрульдік полиция ұрланған автокөлікті 15 минутта Вокзал маңы шағын ауданында орналасқан дәмхананың бірінің алдынан тапты. Тексеру кезінде көлікті ұрлап кеткен 1973 жылғы азамат екені анықталды. Медициналық сараптама қорытындысымен 48 жастағы азаматтың орта дәрежеде мас екені белгілі болды», делінген хабарламада.

Қазір күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 200-бабымен (автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын иеленіп алу) қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда көлігімен 16 жасар баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар