Атырауда үшем өмірге келді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 2017 жылы алғаш рет үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Дамбы кентінің 34 жастағы тұрғыны Бағдат 19 желтоқсанда дүниеге үшем әкелді. Үш сәби де қыз бала. Салмақтары 2 390-ден 2 590 грамға дейін.

Босану сәтті өтті. Сәбилердің және ананың да жағдайы жақсы. Отбасындағы үш баланың саны алтауға жетті», - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Атырау облысында бұл биылғы жылдағы бірінші үшем болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар