Атырауда вакцина салдырған 6 адамның әрқайсысы 1 млн теңгеден ұтып алды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда вакцина салдырған 6 адамның әрқайсысы 1 млн теңгені ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұған дейін Атырауда вакцина алғандар арасында жүлде қоры 40 млн теңгелік ұтыс ойыны басталып, «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігі «Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол» акциясының бірнеше кезеңін өткізген еді.

Ал, бүгін, 6 қыркүйекте 6 млн теңгенің ұтыс ойыны өтті.

Кезекті ұтыс ойынына вакцина салдырған 87 252 адам қатысты.

Кездейсоқ сандарды таңдау арқылы жергілікті телеарнаның тікелей эфирінде өткен ақшалай ұтыс ойынын тәуелсіз бақылаушылар қадағалап отырды.

«Ұтыс ойынының нәтижесінде Жылыой ауданының тұрғындары Мереке Дүзелгенов, Әділбек Қамидолла, Құрманғазы ауданынан Алтын Сәрсенова, Атырау қаласында тұратын Жомарт Жұмабеков, Гүлназ Достанова, Айман Әбиева жеңімпаз атанып, әрқайсысы 1 млн теңгенің сертификатын иеленді», -деп хабарлады «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінен.


Соңғы жаңалықтар