07:21, 13 Шілде 2021 | GMT +5
Атырауда вакцина салдырғандар саны 115 мыңнан асты
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы вакциналардың І компонентін 115 мыңнан астам атыраулық салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Атырауда 1 ақпаннан бері «Спутник V», «QazVac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін салдырғандар саны 115 019 адамға жеткен.
Вакцинаның II компонентін 61 094 атыраулық алған.
«Кеше, 11 шілдеде қауіпті вирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 1 221 тұрғын салдырды. Вакцина алғандардың қатарында 43 педагог, 32 дәрігер, 11 студент, 7 мемлекеттік қызметші, арнайы мекеменің 2 өкілі, 1 полицей бар. Сондай-ақ, вакцинаны созылмалы сырқаты бар 254 пациент пен 871 жергілікті тұрғын ектірді», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында вакцинаның І компонентін алғандар саны 113 мыңнан асқан еді.