Атырауда волейбол командаларының жетекшілері 9 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АТЫРАУ. 13 қазан. ҚазАқпарат ­- Атырауда 250 млн. теңгені жымқырды деп айыпталған «Атырау» волейбол командалары жетекшілерінің үстінен қозғалған сот процесі аяқталуда. Мемлекеттік айыптаушы Гаухар Ибрашева соттан қылмыскерлерге 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
None
None

Сотталғандар қатарында: волейбол клубының директоры Жеңісбек Мұханбетжанов, команданың бас жаттықтырушысы Александр Запевалов және бухгалтер Светлана Харкина бар. Сондай-ақ, осы іске қатысы бар облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысы Берік Жанкеев жасырынып жүр. Олардың барлығы ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны, ұрлық жасағаны, қызмет бабында алдағаны үшін айыпталуда. Тергеу нұсқасы бойынша, айыпталушылар төрт жыл бойы командаға бөлінген бюджет қаражаттарын ұрлаған.

Алайда, сотталғандар, команданың шын мәнінде екі бірдей бухгалтериясының болғанын айтып, үзілді-кесілді ақша жымқыру фактісін жоққа шығаруда. Олардың айтуы бойынша, «Атырау» волейбол клубының ойыншылары растағандай, жаттықтыруға жұмсалған алымдар ретінде жазылған ақша спортшыларға жалақы түрінде төленген.

Соңғы жаңалықтар