Атырауда ыстық күнде оркестрлер шеруі неге кейінге қалдырылмағаны анықталып жатыр
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда күннің ыстығынан 21 оқушыға күн өткен оркестрлер шеруі неге кейінге қалдырылмағаны анықталып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған оркестрлер шеруінің ұйымдастырушысы Атырау облыстық білім басқармасы болды. Қазіргі уақытта шеруді өткізуге жауапты болған адамдарға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Тексеріс нәтижесі жайлы хабарланатын болады», - деп мәлімдеді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 1 маусымда Атырауда өткен оркестрлер шеруіне 7 мың адам қатысты. ТЖ департаментін күннің ыстық болатыны туралы ескерту жариялаған, алайда бұған қарамастан шара кейінге қалдырылмаған. Салдарынан 21 адамның басынан күн өткен. Ауқымды шараға балалармен бірге этномәдени бірлестік өкілдері, ҚР Ұлттық гвардиясы 5556 әскери бөлімшесінің оркестрі қатысқан. Шеруде оркестр құрамы музей алаңынан бастап Бейбарыс Сұлтан алаңына дейін жүріп өткен.