Атырауда заңсыз айналымнан 6,7 млн теңгенің темекі өнімдері алынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда заңсыз айналымнан 6,7 млн теңгенің темекі өнімдері алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 16 тамызда заңсыз айналымнан темекі өнімдері алынған.


«Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірге Атырау қаласындағы қоймалар мен дүкеннің біріне тексеру жүргізілді. Тексеру барысында электрондық темекі, вейп-құрылғылар және оларға сұйықтық түріндегі 2,5 мыңнан астам заңсыз темекі бұйымдары анықталды. Заңсыз айналымнан алынған темекі өнімінің нарықтық құны шамамен 6,7 млн теңгені құрайды. Осылайша, сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын акцизделетін өнімнің заңсыз айналымының жолын кесілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Аталған дерекке қатысты іс материалдары экономикалық тергеу департаментіне жіберілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын киіктің мүйізін заңсыз сақтаған екі атыраулық сотталғанын жазған едік.

Атырау қаласының №2 сотында киік мүйізін заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдағаны үшін екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс қаралды. Күдіктілерге ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен айып тағылған.


Сот сотталушылар К. және З.-ны ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп таныды.

«К.-ға 7 жыл, З.-ға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылардан ортақ үлесте мемлекет пайдасына 6 млрд теңгеден астам мөлшерде залал өндіріледі», - деп мәлім етті соттың баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар