Атырауда заңсыз қару сақтаған қылмыстық топ ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда заңсыз қару сақтаған қылмыстық топ ұсталды. Қылмыстық топтың құрамында 9 адам болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қылмыстық топ «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде ұсталған.

«Департамент қызметкерлері Атырау қаласының аумағында түрлі атыс қаруын заңсыз сақтаумен, тасымалдаумен айналысқан 9 адамды анықтап, ұстады. Олар – Атырау қаласының тұрғындары. Жасы – 23-27-нің араылығында. Тексеру кезінде күдіктіден серия нөмірі өшірілген тапанша, ал 25 жастағы тағы бір күдіктіден травматикалық тапанша тәркіленді. Сондай-ақ, Қ.Сәтпаев көшесінде орналасқан үйлердің біріндегі қоймадан 3 дана атыс қаруы мен 2 дана шолақ мылтық пен оқ-дәрілер тәркіленді. Бір қарудың Алматы қаласындағы пәтерден ұранғаны анықталды. Тәркіленген қаруларға сараптама тағайындалды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Күдіктілердің екеуі бұрын қарумен жасалған бұзақылық дерегімен істі болғаны анықталды. Қазір ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Жайық өзенінің жағасынан қару мен оқ-дәрілер табылғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар