Атырауда заңсыз мұғалім болып жүрген нигериялық жауапкершілікке тартылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Нигерияның азаматы көші-қон саласындағы заңнамаың талаптарын бұзған​, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда заңсыз мұғалім болып жүрген нигериялық жауапкершілікке тартылды

«Индер ауданында жеке оқыту орталығында ағылшын тілін үйрету үшін шақыртылған Нигерия азаматы ҚР көші-қон саласындағы заңнамасының талаптарын сақтамағаны анықталды. Қазақстан аумағында болу визасы аяқталғанына қарамастан және еңбек етуге рұқсат қағазы болмаса да педагогтік қызметпен айналысып жүрген оған көші-қон полициясы ҚР ӘҚБтК 517-бабының 4 және 5-бөлімдері бойынша xаттама толтырылды, іс сотқа жолданды», - делінген хабарламада.

Шетелдіктің заңбұзушылығы 18-20 наурыз аралығында облыс көлемінде өтіп жатқан «Құқықтық тәртіп» шарасы кезінде анықталған.