Атырауда жақсы нәтижемен көзге түскен полицейлердің аналары марапатталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда полицейлердің аналарына «Офицердің» анасы медалі табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл марапат ұл-қыздары полиция қатарындағы қызметінде жақсы нәтижемен көзге түскен

тәртіп сақшыларының аналарына берілді. Медальда анасына гүл сыйлап тұрған офицер

бейнесі, «Офицердің анасы» деген жазу бар.

«Полиция қатарындағы офицерлердің анасын көктемнің шуақты мерекесі – халықаралық

әйелдер күнімен құттықтаймын. Білімді, білікті офицер ұл-қыздар тәрбиелеп

өсіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Батыр да, дана да, ғалым да, алып та, ақын да анадан

туады. Сондықтан, өмірге ұрпақ әкелген аналарға қандай құрмет көрсетсек те артық

етпейді. Аналарымыз аман жүрсін», -деді облыстық полиция департаментінің бастығы,

полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық ана ит талаған баласын ауруханаға жеткізген

полицейге алғыс айтқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар