16:42, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Атырауда жалған полицейлер ұсталды
АТЫРАУ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда жол полициясының нысандық киімін киіп алып автомәшинені тоқтатқан және жүргізушіні соққыға жыққан қала тұрғыны ұсталды.

Атырау облыстық ішкі істер департаменті баспасөз хатшысының айтуынша, оқиға химиялық кентте орын алған. Кеудесінде нөмірлік жетоны бар жол полициясының нысандық киімін киген ер адам жеңіл автокөлікті тоқтатады және жол-қозғалысы ережелерін бұздың деген желеумен айып төлеуді талап етеді. Оның әрекетінен күдіктенген жүргізуші ақша беруден бас тартады, одан кейін соққыға жығылады. Артынша ол болған жағдай туралы полицияға хабарлайды.
«Бір сағат ішінде полицейлер жалған полицейді ұстайды. Ол қалалық жүргізушілер даярлайтын мектептің жасы 35-тегі оқытушысы болып шықты. Қазір ол тергелуде», - деді Г.Мұхтарова.