Атырауда жалған терроршы 2,5 жылға сотталды
Ағымдағы жылдың наурыз айында 30 жасар жігіт мас күйде, полицияға хабарласып, «Геолог» поселкесіндегі автобус аялдамаларының біріне жарылғыш заттың қойғанын айтқан. Арнайы жасақ саперлері тексеру барысында жарылғыш зат анықталмады, тез арада жалған терроршы құрықталды.
Сот сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273-бабы - «терроризм актісі туралы жалған хабар беру» бойынша кінәлі деп танып, бас бостандығынан айырып, жалпы режимдегі түзеу колониясына екі жыл алты ай мерзімге қамауға үкім шығарды. Сондай-ақ сот прокурордың жарылғыш затты іздеу кезінде жұмылдырылған барлық қызметтерге келген 73 859 теңге материальдық залалды сотталушыдан өндіру туралы талабын қанағаттандырды, деп хабарлайды Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметінен.