Атырауда жас қызды соққан жүргізуші тұтқындалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда полиция қызметкерлері 17 қаңтар күні қызды қағып өлтіріп, жол-көлік апаты орнынан жасырынған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атырауда жас қызды соққан жүргізуші тұтқындалды

«Бүгін полицейлер Атырау-Дамба тас жолында 14 жасар қызды қағып өлтірген көлікті тапты. Қыз алынған жарақаттар салдарынан облыстық ауруханада көз жұмды. Қылмысты қара түсті «Lada Priora» көлігімен жасаған. Көп кешікпей қызды соғып, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетпей қашып кеткен жүргізуші тұтқындалды. Кінәлі 1983 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу аясындағы жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде», - деп мәлімдеді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова.