Атырауда жаяу жүргіншіні мерт қылған мас жүргізуші ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жаяу жүргіншіні мерт мас қылған жүргізуші ұсталды. Жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы кеше, 19 желтоқсанда болған.

«Кеше, 19 желтоқсан сағат 21:50 шамасында Атырау қаласының М.Әуезов көшесінде орналасқан 52а үй тұсында жол-көлік оқиғасы болған. Жол бойында келе жатқан ер адамды көлігімен қағып құлатқан. Жүргізуші жол-көлік оқисы туралы ішкі істер органдарына хабарламай, кетіп қалған. Алған дене жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнын қаза тапқан», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты Атырау қалалық полиция басқармасына қарасты патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғасына қатысы барі көлікті іздеді.

Қаланың Стаханов көшесінде орналасқан гараждардың арасынан Mercedes Benz көлігі табылды.

Көлікті мас күйінде жүргізген 1988 жылғы жүргізуші ұсталды. Қазір күдікті қамауда.

Жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен және 347-бабымен тергеу амалдары басталды.

Қылмыстық іс Атырау қалалық полиция басқармасы №1 полиция бөлімінде тіркелді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 5 адам мерт болған жол апатына кінәлі жүргізуші сотталғанын хабарлаған болатынбыз.

Сот үкімімен жүргізуші С. ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылды. Сотталушы 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.


Фото: Атырау облысының Полиция департаменті


Соңғы жаңалықтар