10:08, 16 Ақпан 2013 | GMT +5
Атырауда жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолағында апалы-сіңлілерді қағып кетті
АТЫРАУ. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Атырауда «Лада» көлігі жоғары жылдамдықта жолдан өтіп бара жатқан апалы-сіңлілерді қағып кетті.

«23 жастағы бойжеткен мен оның 5 жасар сіңлісі түрлі дәрежедегі жарақаттармен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Жол апатының себебі - жол қозғалысы ережелерін бұзу. Болжам бойынша, бір жыл бұрын ғана көлік жүргізу куәлігін алған жүргізуші жылдамдықты арттырған. Оқиға бойынша тексеру амалдары жүргізілуде»,- деп атап өтті Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.