12:54, 02 Қыркүйек 2014 | GMT +5
Атырауда жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өкімімен өңірлік жер қатынастары басқармасының басшысы болып Әлібек Наутиев тағайындалды.

Әлібек Наутиев 51 жаста. Еңбек жолын Махамбет ауданы Таңдай ауылындағы мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейін атқарушы билік органдарында түрлі қызмет атқарды.
Әр жылдары Атырау облысының Қызылқоға, Құрманғазы және Индер аудандарының әкімі болды. 2010 жылдың ақпанынан NCPOC компаниясында қоғаммен байланыс бойынша маманы болып істеген.