16:10, 31 Мамыр 2018 | GMT +5
Атырауда жер үй отқа оранды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау қаласындағы Жарбосынов көшесінде орналасқан жер үйде өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сағат 11.00-де әлеуметтік желіде өрттің бейнежазбасы пайда болды. Куәгерлердің айтуы бойынша, оқыс оқиға бір қабатты жер үйде болған.
«Бүгін «Жарбосынов, 12» мекенжайы бойынша орналасқан аумағы 180 шаршы метрді құрайтын жеке тұрғын үйде өрт болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті ауыздықтауға ТЖ департаментінің бөлімшелері мен ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан барлығы 5 техника мен 26 қызметкер жұмылдырылды. Қызыл жалын сағат 14.01-де толығымен сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз орталығы.