Атырауда жергілікті билік студенттерге оқу үшін төлем жасауға көмектесетін болады

АТЫРАУ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырау облысында атқарушы билік жергілікті жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің оқуына төлем жасауды өз мойындарына алатын болады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиевтың айтуынша, ағымдағы оқу жылында оқуы үшін төлем жасау көмегі тұрмысы төмен отбасылардан шыққан, сондай-ақ дағдарысқа байланысты ата-аналары қаржылық қиыншылықты бастан кешіп отырған студенттерге көрсетіледі. Алдын-ала есептемелер бойынша облыста осындай студенттердің саны екі мыңға жетеді. Егер әлемдік қаржы дағдарысының зардаптары келесі жылы да сезілетін болса, аймақ басшысы оқуы үшін төлем жасауда қиыншылықтарға ұшыраған жастарға тағы да қол ұшын созатындарын айтты.
Соңғы жаңалықтар