Атырауда жеті бала жалын құшағынан құтқарылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Мақат кентінде өрт сөндірушілер жалын шарпыған үйден жеті баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Мақат аудандық №8 өрт сөндіру бөлімшесінің диспетчерлік қызметіне Жұмашев көшесіндегі үйлердің бірінен қою түтін шығып жатқаны туралы хабар келді. Кезекші қарауыл 5 минуттан соң оқиға орнына шұғыл жетті. Бірінші қабаттағы асхана жанып жатқаны анықталды. Бес қабатты үйдің кіреберісі түтінге толғандықтан, өрт сөндірушілер шұғыл түрде адамдарды эвакуациялаған. Жоғарғы қабаттағы пәтерлердің бірінен жеті бала көшеге шығарылды», - деп мәлімдеді Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

5 адам және 1 техника жұмылдырылып, өрт шамамен бір сағатта сөндірілді. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум