Атырауда жетімдер үйінің 77 тәрбиеленушісі баспанамен қамтамасыз етіледі

АТЫРАУ. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Атырауда жылдың соңына дейін жетімдер және интернат-үйінің 77 тәрбиеленушісі пәтер немес үй алады,

Атырауда жетімдер үйінің 77 тәрбиеленушісі баспанамен қамтамасыз етіледі

 деп мәлімдеді тұрғындармен кездесу барысында облыс әкімі Бергей Рысқалиев.

Әкімнің сөзіне қарағанда, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетімдерге тек баспана ғана беріп қоймай, мемлекеттің есебіне жиһаздардың бір бөлігін алуға көмектеседі. Жергілікті билік өкілдері жетімдер үйінің түлектеріне үй мен пәтерлерді облыстың аудан орталығынан береді.

Шамамен 40 пәтер мен үй алынды. Қалғандары жылдың соңына дейін сатылып алынады. Ауылға барғысы келетіндерге көмек беріледі, жұмысқа орналасуларына септігін тигізеді. Балалары бар жұптарға балабақшаның қызметі ұсынылады.